17/03/2025 16:36

Алматыда үш ірі саябақты қайта жаңарту жоспарланған

2023 жылы Бостандық ауданын абаттандыру аясында 80 аула аумағына күрделі және 90 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Мұны осы аудан тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл ақпан айында 50 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге байқау жарияланды.
Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында 1 га аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр, мұнда балалар және спорт алаңдары, иттерді серуендету аймақтарын салу, демалуға арналған отырғыштары орнату және суару жүйесі бар жасыл желектер болады. Жұмысты биыл тамыз айында жеке инвестициялар есебінен аяқтау жоспарланып отыр.

«Биыл Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» ҚІЫО аумағын және «Южный» саябағын қайта құру мен абаттандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттама аяқталады. Сонымен қатар, цирк алдындағы, Мұстафин көшесінің бойындағы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайының алдындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтеді. Барлық жоба осы жылдың мамыр және маусым айларында мемлекеттік сараптамадан өтеді», – деді қала басшысы.

жаңалықтар