17/03/2025 15:28

Алматының Бостандық ауданында әрқайсысы 500 адам қабылдайтын 2 емхананың құрылысы 2024 жылдың күзінде басталады

Бостандық ауданы тұрғынының сауалы:
Біздің ауданда емхананың құрылысы қандай сатыда?

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
Қазір біз күніне 500 адам қабылдайтын екі емхананың құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Олар компьютерлік томографтармен, маммографтармен – жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық қажетті заманауи жабдықтармен толық қамтылатын болады. Маусым айында мемлекеттік сараптамадан шығып, байқау өткіземіз және 2024 жылдың күзінде құрылысты басталады деп үміттенеміз. Біз екі жер учаскесін де сатып алдық, олар қаланың меншігінде. Бізге қажетті мемлекеттік қорытындыларды алып, құрылысты қолға алу ғана қалды – біз биыл бастаймыз.

жаңалықтар