198
Алматының Әуезов ауданында 20 мыңнан астам көшет және 180 км автосуару желісі: 2024 жылы ауданда қандай көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Өткен жылы Әуезов ауданында көгалдандыру аясында 10 мың көшет отырғызылды, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында.
«Биыл тағы 20 мың ағаш отырғызу жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ағаштарды күту үшін ұзындығы 180 км болатын 34 га алаңда автосуару жүйесін тарту жоспарланған. «Монтаждау жұмыстары осы жылдың маусым айында басталады», – деді Алматы әкімі.