15/03/2025 22:44

Алматының Медеу ауданында 2023 жылы 335 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматының Медеу ауданында 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң көрсеткіштеріне қолжетті. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде  хабарлады.

Қала басшысы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 13%-ға өскенін, 335 млрд теңге инвестиция тартылғанын, 29%-ға  артқанын атап өтті.

«Жоғары инвестициялық белсенділік шағын және орта бизнес санын 22%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, егер 2022 жылы 37,4 мың субъект болса, 2023 жылы – 43,9 мың субъект. Экономиканың қарқынды дамуы 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға және салық түсімдерін 48%-ға 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді», – деді Ерболат Досаев.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ