337
Бұл мегаполистің жылу желілерінің тозуын 1,8% төмендетуге мүмкіндік береді. Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл туралы 2023-2024 жылғы жылыту маусымы барысында өткен жұмыс кеңесінде мәлімдеді.
Жиында қала басшысы инфрақұрылымның тозуын азайтуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға баса назар аударды. Алматы қаласы бойынша 59,2% жылу желілері тозған, 2023 жылы жүргізіліп жатқан шаралар жоспарланған 0,6%-дың орнына тозуды 1,3% қысқартуға мүмкіндік берді. Осылайша, биыл жыл басында 25 жылдан астам пайдаланылып тозған желілердің ұзындығы желілердің барлық ұзындығының 802,6 км немесе 57,9% болды.
Биыл жалпы ұзындығы 20 км жылу желісін жаңғырту жоспарланып отыр, бұл жылу желілерінің тозуын 1,8% төмендетуге мүмкіндік береді.