319
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.. Мегаполис басшысының айтуынша, өткен жылы конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігер ұйыммен келісімшартқа қол қойылды. “Сайран көлінің жағалауын нығайту жұмыстары басталды. “Тастақ”ш / а көрсетілген аумақты реконструкциялауды аяқтау 2024 жылдың соңына дейін жоспарлануда”, – деп түсіндірді Ерболат Досаев.
Бұрындары хабарланғандай, Алматыда 50 жыл ішінде бірінші рет “Сайран” көлінің түбін тазарту жұмыстары жүргізілген болатын.