15/03/2025 20:18

Алматының Алмалы ауданында 2025 жылы 300 орынды жаңа балабақша салынады

Алмалы ауданының Тастақ шағын ауданындағы қолданыстағы ғимараттарды бұза отырып, Тілендиев көшесі мекенжайы бойынша 300 орынды балабақша құрылысы басталып, 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде хабарлады.
Қала басшысы ауданда тағы бір балабақша ашылатынын атап өтті. “Мектепке дейінгі білім беру саласында ағымдағы жылы Мәуленов көшесіндегі ғимаратты сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жоспарлануда, онда 145 орынды балабақша ашылады”, – деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, №10, 20, 43 балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ