15/03/2025 15:20

Сарапшылар жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн дейді

Брифинг барысында сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Сұрақ:

-Көптеген тұрғындар жанармай құю бекеттеріне барды, бұл жер сілкінісі кезінде қаншалықты қауіпсіз?

Жауап:

-Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыстар, өрттер болуы мүмкін.

Қандай да бір себептермен біздің азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға – ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз-журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ