15/03/2025 00:03

Алматыда бірнеше балалар алаңы ашылды

Күзгі кезеңде жаңа ойын алаңдары мен воркаут кешені Түрксіб ауданына қарасты Кожедуба, Боралдай, Осипенко, Фучик, Поддубный, Словакцкий мен Сүйінбай, 178 көшелеріне орнатылды.

“Халық қатысатын Бюджет” бағдарламасы аясында көшеге жарық жүйесі мен заманауи МАФ орнату, орындықтар мен урналарды қою, сондай-ақ бірқатар учаскелер бойынша аумақтарды қосымша көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Жыл соңына дейін ауданда тағы 5 демалыс аймағы пайда болады.

Әкімдік “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Биыл Түрксіб ауданы үшін 78 жобаны іске асыруға 1,6 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда аулаларды жарықтандыру, ойын алаңдарын салу, тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату мен жаяу жүргіншілер көпірін жөндеуді қоса алғанда 61 нысан аяқталды.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ