14/03/2025 22:56

Алматыда Медеу — Шымбұлақ жолында 4 «Сергек» камерасы орнатылды

Алматыда Медеу-Шымбұлақ автожолында жылдамдығы 40 км/сағатқа шектелген «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы орнатылды. Олар «Медеу» биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі ұзындығы 7 км учаскеде орналасқан. Бұл жаяу жүргіншілер ағынының және көрсетілген бағыт бойынша жүретін электромобильдер санының артуына байланысты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жол қозғалысы ережелерін тіркеу ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан басталады.

Айта кетерлігі, Алматыда барлығы 7 894 «Сергек» АӨК камерасы жұмыс істейді. Олар 2021 жылы «Мемлекеттік – жеке әріптестік» жобасын іске асыру аясында белгіленген.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ