Алматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны (СЕСН) мен 16 ойын автоматы (силомер) бұзылды. Атап айтқанда, Бекмаханов көшесі, 88в мекенжайындағы, сондай-ақ Жас Қанат шағын ауданы, 287/2 және 189, Жұлдыз шағын ауданы, 55/3 мекенжайларындағы заңсыз дүңгіршектер сүрілді.

Бұл жұмыс Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен басталған заңсыз орнатылған СЕСН-ді жою науқаны аясында жүзеге асырылуда.

«Көктем келді, бәріміз қаламызды таза, көркем әрі гүлденген күйде көргіміз келеді. Дүңгіршектер мен күш өлшеуіштердің ретсіз орналасуына жол бермеу керек. Олардың заңдылығын тексеру мен реттеу – дұрыс шешім», – дейді Алматы тұрғыны Айтолқын Толғанай.
Напомним, с 4 февраля 2025 года в Алматы Управление предпринимательства и инвестиций совместно с участниками Рабочей группы приступило к ликвидации объектов уличной торговли.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Алматыда Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жұмыс тобымен бірлесіп, көше саудасы нысандарын жоюға кіріскен болатын.
Бүгінде Алматыда мемлекеттік қор жерінде орналасқан 306 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны бұзылды.
Қалған 139 СЕСН-ді бұзу жұмыстары осы жылдың 31 наурызына дейін аяқталады.
Коммуналдық қызмет бұл нысандардың заңсыз қосылған инженерлік желілерін ажырату жұмыстарын жалғастырып отыр.
Сонымен қатар, қала аумағында жер учаскесіне берік бекітілген 32 капиталды құрылыс анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлеп бұзу үшін сотқа талап арыздарын жолдауды бастады.
Бұған қоса, осы жұмыс аясында 222 ойын-сауық аппараты (күш өлшеуіштер) бұзылды.