15/03/2025 00:05

Спорт жұлдыздары табиғатты аялауға шақырады: Алматыда плоггинг акциясы өтті

2024 жылғы Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Ғұсман Қырғызбаев пен Александра Ле Алматыда өткен экологиялық марафонға қатысып, спорт пен табиғатқа қамқорлықты ұштастырған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық акциясына үлес қосты.

Дзюдодан қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев мектебінің айналасын тазалауға көмектесіп, осындай бастамалардың маңызын айтты.

«Ұлы істер кішкентай қадамнан басталады. Бүгін экологиялық акцияға қатысып, мектеп аумағын тазартуға көмектестік. Бұл игі іс көптеген адамға үлгі болады деп сенемін», – деді спортшы.

Пневматикалық винтовкамен оқ атудан қола жүлдегер Александра Ле де қоршаған ортаны қорғау қол ұшын созды.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз. Осы акцияға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Мұндай іс-шараларды жиі өткізу қажет деп санаймын. Егер әр қала тұрғыны экологияға көңіл бөлсе, мегаполистегі өмір әлдеқайда жайлы болар еді. Таза көшеде серуендеп, спортпен шұғылдану қандай керемет», – деді Ле.

Спортшылардың айтуынша, экологиялық марафон қаланы тазартумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауға да ықпал етті. Олимпиада жүлдегерлері жастарға үлгі көрсету арқылы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салды.

Соңғы жаңалықтарФотоРепАлаБіздіңҮй

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ