13/03/2025 18:36

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында апатты жағдайдағы ағаштарды кесу ережесін түсіндірді

«Қала тұрғындарына ағаштарды кесу мен алып тастау мәселесі әрдайым көп сұрақ туғызатынын түсіндіргім келеді. Біреулер қолдайды, біреулер қарсы. Сондықтан біз осындай шаралардың не үшін қабылданғанын барлығы түсінуі үшін егжей-тегжейлі зерттеу жүргіземіз. Әкімдік сау ағаштарды кесіп жатыр деген теріс пікірлер де болды. Мұның барлығы жаңа Ережеде ескерілді. Мен өткен жылдан бері түскен өтініштерді бірінші кезекте қарастыруды сұрадым. Жер кепкен бойда жұмыстар басталады», – деді Ерболат Досаев.

Қала басшысының тапсырмасымен кездесуде тұрғынның апатты жағдайдағы ағаштарды кесу мәселесіне қатысты өтініші наурыз айының соңына дейін орындалады. Жалпы, биыл аудан бойынша 2 мың апатты жағдайдағы ағашты кесу жоспарланған.

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында қаладағы қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру қарқынды жалғасуда. 2030 жылға дейін 2,5 миллион жасыл желек отырғызу бойынша Жол картасы бекітілген.

Биылдан бастап Алматы әкімдігі ағаш отырғызуда ірі көлемді көшеттерді жаппай қолданатын болады. Осылайша, 4 метрден 6 метрден жоғары 27 мың көшет отырғызу жоспарланған.

Көріктендіру шарасының маңызды кезеңінің бірі – Қарасу шағын ауданындағы скверге ірі көлемді ағаштар отырғызу болды. Мұнда биіктігі 6 метрлік қарағайлар пайда болды.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ