2023 жылы Әуезов ауданының аумағында жалпы ұзындығы 11,4 км болатын 12 көше мен өтпе жолдар жөнделді, деп хабарлады Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.
Оның айтуынша, осы жұмысты жалғастыру аясында аудан әкімдігі 2024 жылға 32 көше мен өтпелі жолдарды орташа жөндеу бойынша өтініш жолданған.
«Биылғы жылы орталықсыздандыру аясында бізге жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша функция берілді. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар жүргізілді, жалпы ауданы 52 мың м2 астам жол жөнжелді, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда екі есе көп», – деді Абзал Егембердиев.
Ол сондай-ақ ағымдағы жөндеумен 1300-ден астам учаске қамтылғанын атап өтті, оған 45 магистральдық көше мен жеке сектордағы көшелер, сондай-ақ 4 шағын аудандағы өтпелі жолдар мен аула ішілік жолдар кіреді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Әуезов ауданында 200 люк ауыстырылады.
Бұдан басқа, ұзындығы 4,5 км Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде: Әуезов ауданы бойынша 2,2 км.
Жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі-2025 жылғы желтоқсан. Ал 2024 жылы ұзындығы 1,2 км Жұбанов көшесін ұзарту жүргізіледі, оның аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, жалпы ауданы 18 мың ш.м. техникалық тротуарларды жөндеу аяқталуда.Олар магистральдық көшелер бойымен, сондай-ақ тұрғындардың өздері салған «жолдар» деп аталатын учаскелерде жөнделеді.