14/03/2025 20:42

100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty» МҚҰ» ЖШС 2024 жылы Алматының шағын және микробизнес субъектілеріне 106 жеңілдікті қарыз берді. «Almaty Business-2025»кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер жылдық 2%-дық  және 6% -дық мөлшерлеме бойынша істі дамытуға  несиелер алды.

Берілген қарыздардың жиынтық көлемі 3,6 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 73 840 000 млн теңгені, несиенің ең ұзақ мерзімі – 7 жылды құрады.

Бағыттар бөлінісінде өндірістік жобалары бар кәсіпкерлер қарыздардың ең көп санын алды – барлық санның үштен бірі, екінші орында денсаулық сақтау жобалары – 20%, үшінші орында – білім беру және халыққа қызмет көрсету (11% – дан). Бұдан кейін креативті экономика (8,5%), туризм және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (6%).

2019 жылы «Almaty Business-2025»бағдарламасы бекітілген сәттен бастап «Almaty»МҚҰ 13,3 млрд.теңгеден астам сомаға 600-ге жуық жобаны қаржыландырды. Ең көп қарыздар өндірістік жобаларды (28%) және денсаулық сақтау жобаларын (15%) іске асыруға, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға (11%) берілді. Соңғылары ең төменгі мөлшерлеме бойынша қарыз алды – жылдық 2%.

«Жеңілдетілген несиелеу аясында қалада 2 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті ынталандырудан және жұмыспен қамтуды арттырудан басқа, «Almaty Business-2025»бағдарламасы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға белсенді ықпал етеді», – деп атап өтті «Алматы» МҚҰ басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 нөмірі немесе https://mfoalmaty.kz/  веб-сайты арқылы білуге болады.

*Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және 13%-дан аспайды

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ