20/03/2025 13:51

Алматыда музыканттар мен танымал тұлғалар референдумда дауыс беріп жатыр

Алматыда мәдениет қайраткерлері мен музыканттар сайлау учаскелеріне барып, Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша дауыс беріп жатыр. Белгілі қазақстандық домбырашы Асылбек Еңсепов №208 мектепте орналасқан №507 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Қазақстан азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, дауыс бердім. Әр азамат жеке көзқарасына сүйене отырып, өз таңдауын жасауы керек деп санаймын. Өзімнің дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын», – деді Асылбек Еңсепов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 сайлау учаскесіне келіп, №48 мектеп-лицейінде дауыс берді. Алматы тұрғындары учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ