13/03/2025 10:52

Алматыда жылу желілеріндегі жөңдеу жұмыстары кезінде Алтынсарин даңғылы бойындағы учаскелердің бір бөлігінде түнде көлік қозғалысы шектеледі

27 қыркүйекте сағат 22:00-ден 28 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласы Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы бойымен №6 қалалық емханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы жабылады.

Солтүстік бағытта қозғалыс ашық болады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілуде.

жол жөндеу

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ