26/03/2025 03:55

Алматыда №211 автобус бағыты күн сайын қатынайды

Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты «Спорт сарайы» – «Алма-Арасан» арасында күн сайын қатынайды. Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.

Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.

Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ