Ағымдағы немесе «шұңқырлы» жөндеу жалғасып отыр, оның барысында шұңқырлар, жарықтар, ойылып кеткен жерлер жойылады, бақылау құдықтарының люктері түзетіліп, жиектастары тегістеледі.
Аудандық әкімдіктер ағымдағы жөндеу жұмыстарына осы жылдан бастап өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында тапсырыс беруші болып табылады. Жұмыс «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бақылауымен жүргізіледі. Сынақ және сараптама нәтижесі бойынша анықталған ақаулар мен ескертулерді мердігер ұйымдар жояды.
Алматы қаласы жолдарының жалпы ұзындығы 3097 км. Биыл жол жабынына орташа жөндеу ұзындығы 250 км болатын 274 көшеде жүргізіледі.