22/03/2025 11:28

Алматыда шұңқырлы жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр: Алатау ауданы

Алатау ауданында жоспарланған 30 мың шаршы метр жол төсемінің бүгінге дейін 13 мың шаршы метр жөнделді.
Б. Момышұлы көшесі, Ф.Оңғарсынова көшесі, Шаған көшесі, Шамалған көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Әубәкіров көшесі, Тәкежанов көшесі, Бенберин көшесі, Бәйтенов көшесі, Бекболат көшесі, Жалайыр көшесі, Шоған Абыз көшесі, Аруана көшесі, Көкорай көшесі, Ахметов көшесі, Әлмерек Абыз көшесі, Шұғыла шағын ауданы, Айналмалы көшесі, Орталық көшесі, Қожаберген Жырау көшесі, Мыңбұлақ көшесі, Сәдуақасов көшесі, Ақжолтай көшесі, Барыс көшесі ағымдағы жөндеуден өтеді.
Жұмыс жыл соңына дейін жалғасады.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған Telegram арнада @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы тұрғындар қала жолындағы шұңқырларды жөндеуге өтініш бере алады.

Сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің телеграм чатына https://t.me/akimat_alatau және Алатау ауданы әкімдігінің мына +7 701 860 0067 телефон нөмірініне жүгінуге болады.

Биылдан бастап ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудан әкімдіктері тапсырыс береді.

жол жөндеу

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ