Әуезов ауданында жалпықалалық және аулаішілік аумақтарда жоспарланған 50 мың шаршы метр жолдың 3 мың шаршы метріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жұмыс кепілдік міндеттемелер аясында жүргізіледі.
Жандосов көшесі, Алтынсарин даңғылы, Қабдолов көшесі, Сайын көшесі, Абай даңғылы, Қуанышбаев көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Жұбанов көшесі, Шәймерденов көшесі, Райымбек даңғылы, Өтеген батыр көшесі және т. б. көшеде жол ағымдағы жөндеуден өтті.
Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып отыр, олар ауданның тұрақты бақылауында. Шұңқырлар, ойықтар мен жол төсемі зақымданған жағдайда аудан әкімдіктерінің телеграм чатына жүгінуге болады. Әуезов ауданы: https://t.me/akimatAuezov1, +7 705 340 3444