Жыл басынан бері Алматының жергілікті бюджетіндегі кіріс 30% өсті
40
Алматыда жергілікті бюджет кірістері бойынша тұрақты өсім байқалады. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасынан хабарлады.
Жергілікті бюджетке 33,5% өсіммен 719,7 млрд теңге кіріс түсті. Бұл ШОБ өсімі есебінен корпоративтік салықтың 49,4% – ға ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ, әлеуметтік салық бойынша түсімдердің 52% өсуі қамтамасыз етілді.
Қаржы басқармасы атап өткендей, Алматының мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі 28,6%. 2024 жылғы наурызда қала бюджеті 103,6 млрд теңгеге 1 726,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.