22/03/2025 00:17

Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері 2024 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында «Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу» үшін мекенжайлар тізімін құру мақсатында үй-үйді аралайды

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері 2024 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында жүргізілетін «Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу» үшін мекенжайлар тізімін құру мақсатында үй-үйді аралайды.

Жоба сенімді деректер жинау және талдау арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау салаларын кеңейту мақсатында БҰҰ-ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдігімен серіктестікте жүзеге асырылады.

Аралау кезінде Департамент өкілі үй шаруашылығы басшысының атын, тұрғынжайда қанша үй шаруашылығы бар екенін және негізгі сауалнама кезінде, яғни 1 қыркүйек – 30 қараша аралығында олардың сол жерде тұратынын не тұрмайтынын нақтылайды.

Статистика департаменті деректердің құпиялылығын сақтауға және оларды қатаң түрде тек статистикалық мақсатта пайдаланылуына кепілдік береді.

Түсіністікпен қарауды сұраймыз!

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ