Науқан басталғалы қала тұрғындарына ашық көк, жасылдан сұр және шоколад реңктеріне дейін түрлі түсті 2,4 мың литр бояу тегін таратылды. Қала тұрғындары алынған лак-бояу материалдарын өз аулаларындағы беседкалар мен орындықтардың, сондай-ақ жеке үйлердегі қоршаулар мен қақпалардың көрінісін жақсарту үшін пайдалануда.

«Көктем келді, қыс мезгілінде, тұрақты жауын-шашын кезінде жарылған және тозған қоршауларымызды ретке келтіру керек. Өз үйіміз бен учаскемізді жаңартуға мүмкіндік бергендеріңізге қуаныштымын», – деп бөлісті Алмалы ауданының тұрғыны Нина Ивановна.

«Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды көрсет» акциясы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өткізіліп, 8 мамырға дейін жалғасады. Негізінен халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатына мән беріліп отыр.
Акцияларға қатысу үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жүгіну қажет. Лак-бояу заттары өтеусіз негізде бір қолға 2 кг-ға дейін ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.