14/03/2025 20:42

Алматы жолдарындағы ақаулар жайлы Almaty_Joly Telegram-арнасының чат-ботына хабарлауға болады

Алматыда мегаполис тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырлар және оларды жөндеу бойынша өтініш бере алады. Ол үшін @AlmatyJolybot чат-ботына (https://t.me/AlmatyJolybot) жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram-арнаға мыналарды жіберу қажет:

  • өтініш мәтіні,
  • фото/жол бейнесінің ақауы,
  • мекенжайы және нақты координаттары,
  • байланыс деректері.

Келіп түскен өтініштер өңделгеннен кейін әрбір жағдай бойынша жол төсеміндегі кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар, Almaty_Joly Telegram-арнасында (https://t.me/AlmatyJoly) жол-жөндеу жұмыстары, қалалық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланатынын хабарлаймыз.

Басты жаңалықтарЖедел жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ