Музыкант Тұрар Ыдырыс, ҚР еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев, Кешью тобы, МузАрт тобының мүшесі Кенжебек Тұрсынбайұлы 8 сәуірден бастап қалада өткізіліп келе жатқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» эконауқанының аясында бірігіп отыр. Олар қала тұрғындарын қалыс қалмауға, белсенді қатысуға шақырды. Бұл туралы әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында роликтер мен жазбалар жариялады.
https://www.instagram.com/stories/turar__ydyrys/3341672766120601810?utm_source=ig_story_item_share&igsh=c245M25vaGUwd2Vh
https://www.instagram.com/reel/C5f_QrftV04/?igsh=MW10aHc3amdpcHo0dQ==
https://www.instagram.com/stories/keshyou_official/3341729793829337758?utm_source=ig_story_item_share&igsh=M3JmdnFyYjQzNXVr
https://www.instagram.com/p/C5gDyHoK03l/?igsh=MTh0eTFzMWt5YW00eQ
«Бүгін Арбатты аралап келе жатып қоқыстың шашылып жатқанын көрдім. Оны бізден жасы үлкен коммуналдық қызметкерлер жинап жүр. Біз көппіз, ал қала жалғыз. Баршаңызды бір айға созылатын «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қосылуға шақырамын. Мен қатысамын, сіздер де атсалысыңыздар!», – деді Тұрар Ыдырыс.
Кенжебек Тұрсынбайұлы да мегаполис тұрғындарын қоғамдық орындарды, тротуарлар мен аялдамаларды тазалайтын қызметкерлерді елемей қоя салмауға және еңбегін бағалауға шақырды.
«Қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібі бірінші кезекте қоғамға, мәдениетімізге және содан кейін жұмысшыларға байланысты», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады. Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.