13/03/2025 21:54
Home
by ak_admin

1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды науқан өтеді. Науқанның басты мақсатының бірі – экологиялық мәдениетті арттыру және қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыру.

Науқан төрт тақырыптық аптадан тұрады:

  • «Таза көшелер» (1–9 наурыз) – аялдамалар мен жол белгілерін тазалау, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды көркейту;
  • «Таза саябақтар, скверлер және таулар» (10–16 наурыз) – табиғи аумақтарда сенбіліктер өткізу және қоқыс жинау шаралары;
  • «Таза аулалар» (17–23 наурыз) – аулалар, балалар және спорт алаңдары, көріктендіру элементтерін тазалау және сырлау, көгалдандыру жұмыстары, сондай-ақ «Үздік аула/аула сыпырушысы/гүлзар» байқаулары;
  • «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – ескерткіштерді көріктендіру және жаппай ағаш отырғызу.

Науқан аясында 600-ден астам заңсыз стационарлық емес сауда нысандары (СЕСН) бұзылады, 1 сәуірге дейін 12 мың вандализмге төзімді қоқыс жәшігі орнатылады,
4020-дан астам аула көркейтіледі, 445 саябақ пен сквер тазаланады, өзен-көл жағалаулары қоқыстан тазартылады, 5 мың ағаш пен бұта отырғызылады.