20/03/2025 23:03

2024 жылы Алматының Наурызбай ауданының экономикасы өсті: инвестиция 17,8% артып, 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы оның экономикасының оң динамика көрсеткенін атап өтті.

Қала басшысының айтуынша, 2024 жылы Наурызбай ауданы Алматыдағы барлық аудан ішінде өңдеу өнеркәсібінің ең жоғары өсімін – 28,3% көрсетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 6% өсіп, 90 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 172,7 млрд теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 17,8% артты.

Ауданда шағын және орта бизнес те қарқынды дамып келеді: 25 мың белсенді ШОБ субъектісі салық түсімінің 46% өсуін және 5,4 мың жаңа жұмыс орнының құрылуын қамтамасыз етті. Аудан бюджеті де айтарлықтай ұлғайып, 2024 жылы 60% өсіп, 22,6 млрд теңге болды. 2025 жылы ол тағы 5% артып, 23,4 млрд теңгеге жетті.

Ерболат Досаев 2025 жылы жұмыстың негізгі бағыты инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік нысандар салуға, көлік қолжетімділігін жақсартуға және қоғамдық кеңістіктерді құруға бағытталатынын атап өтті.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ