16/03/2025 14:43

2024 жылы Алматының Бостандық ауданында шамдары бар қосымша 267 бағана орнатылады

Бостандық ауданының тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелердің бірі сыртқы көше жарығының сапасы. Жарықтандыру функциясын орталықсыздандырудың арқасында қала аудандарындағы жағдай айтарлықтай жақсарды. Бұл туралы қала тұрғындарымен есеп беру кездесуі барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

“Нәтижесінде-2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Бостандық ауданында 1000-нан астам шам ауыстырылды, 800-ге жуық өтінім пысықталды.

Сондай – ақ, қоғамдық кеңістікті абаттандыру аясында 117 шам орнатылып, 80 ауланы абаттандыру кезінде шамдары бар 917 бағана ауыстырылды”, – деп хабарлады Алматы әкімі.
Оның айтуынша, 2024 жылы “Алмагүл”, “Орбита -1,2” ш/а шамдары бар қосымша 267 бағана, Тілендиев көшесі бойымен “Акварель” ТК және т. б. орнатылды.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ