197
2023 жылы Бостандық ауданында 3,5 км су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту аяқталды. 2024 жылы тағы 3,2 км желінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен есептік кездесу барысында хабарлады.
Оның айтуынша, ауданның жоғарғы бөлігінде тұратын аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін “Ерменсай” ш/а-да тәулігіне 9 мың текше метр су тарту құрылысын салуға ЖСҚ әзірленуде.
Сонымен қатар, “Нұрлытау” ш/а сумен жабдықтау (62 км) және су бұру (34 км) желілерін салуға ЖСҚ әзірленуде.