«АлЖЖ» ЖШС өкілдерінің, Әуезов ауданы әкімдігінің экология бөлімі сарапшысының, «Алматыинжстрой» АҚ мердігерлік ұйымының қатысуымен өтетін көшпелі баспасөз мәслихатының мақсаты алдағы реконструкция жұмыстарының жоспарын жариялау.

Бұрын салынған жылу трассасында ағаштар мен жасыл желектердің болуына байланысты жобада инженерлік дәлізге балама болмағандықтан қайта отырғызу және орнына ағаш отырғызу көзделген.
Баспасөз мәслихаты барысында спикерлер жоспарланған жұмыс туралы, сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңғырту жылумен жабдықтау сапасына қалай әсер ететіні туралы айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.
Көшпелі баспасөз мәслихатын өткізу орны: Сайын көшесі, Шаляпин көшесінің қиылысы (балалар алаңы, сквер)
Күні мен уақыты: 6 наурыз, сағат 10.00.
Журналистің аты-жөні мен БАҚ атауы осы нөмірге жіберуді сұраймыз +7 701 204 2404 Наталья Инкина.