15 сәуірде сағат 10:00-де «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ғашықтар күніне орай ағаштардың отырғызылуы өтеді. Іс-шара барысында мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда. Іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы және аудан әкімдіктері.
Ағаш отырғызу қаланың барлық аудандарында келесі орындарда жүзеге асырылады:
1. Алатау ауданы («Атлетическая деревня», Саялы-2, Зерделі ы/а (Мөңке би))
Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Талғат +7 708 502 0368
2. Алмалы ауданы (Мақатаевтағы сквер (Желтоқсан көшесі – Мақатаев к-сінің қиылысы); Нұрмақов, 81 (аула іші)
Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Керімхан +7 747 555 2120, +7 776 003 7767
3. Әуезов ауданы (4-ші ы/а, «Сары Арқа» сквері, 7 ы/а, 36 үй Алтынсарин даңғылы)
Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Ализат +7 702 104 9311
4. Бостандық ауданы (Тимирязев к-сі, 64 үй)
https://2gis.kz/almaty/geo 9430047374969079
Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Газиз +7 707 135 3676
5. Наурызбай ауданы (Шұғыла ы/а)
Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Оналбек +7 707 300 0355
6. Түрксіб ауданы (“Б. Хмельницкого” сквері)
Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Нұрлан +7 775 604 6694
7. Жетісу ауданы («Гүлдер» паркі)
Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Қуаныш +7 771 277 7781
8. Медеу ауданы (АХАЖ алдында)
https://2gis.kz/almaty/geo/9430047374995982/76.955466,43.248868 Жауапты тұлғаның байланыс нөмірі: Абылай + 7 778 111 55 44
17 сәуірде сағат 11.00-де Жетісу ауданында, Серіков көшесі, 2а мекенжайындағы «Гүлдер» саябағында жас жұптардың қатысуымен жас жұбайлар Аллеясы салтанатты түрде ашылады. 30-ға жуық көшет отырғызу жоспарлануда, осылайша жаңа жақсы дәстүр басталатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 8 сәуірі мен 8 мамыры аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жарияланған болатын. Мегаполистің әрбір тұрғынын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ экологиялық жобаларды қолдауға шақырамыз. Толық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жарияланған.