16/03/2025 14:11

Қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына қауіп төнген жоқ – Алматы ТЖД

«Аумағы кең. Эпицентр жер бетіне әлдеқайда жақын болғандықтан, аумағы кең таралды. Эпицентр шекаралас аумақта болды, бұған дейін айтқанымыздай, ҚХР мен Қырғызстан аумағында болды. Географиялық жақындықты ескерсек, бұл шамамен 265 км. Сондықтан бұл сейсмикалық жағдайды қаламыздың тұрғындары сезді», – деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Спикер «бүгін түнде тіркелген 5 балды ескеріп, қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына ешқандай қауіп жоқ» деп атап өтті.

Жедел жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ