17/03/2025 10:32

“Халық қатысатын бюджет”: Алматының Бостандық ауданында осы бағдарлама бойынша жобаларға 2,8 млрд теңге бөлінді

2023 жылы Бостандық ауданында аулалардағы спорт және балалар алаңдарын жөндеуді, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды қамтитын 800 млн теңгенің 16 жобасы іске асырылды. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

“Халық қатысатын бюджет” бағдарламасы аясында кез -келген тұрғын өз ауданын абаттандыру бойынша өз идеясы мен ұсынысын іске асыра алады.

“Биылғы жылы жаяу жүргіншілер-серуендеу және саябақ аймақтарын абаттандыру, балалар, спорт алаңдарын жөндеу және ауданды абаттандыру бойынша 50 жаңа жобаны жүзеге асыру үшін сома 2,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұлардағы жұмыстарды аяқтау мерзімі-2024 жылдың соңы”, – деді Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде Ерболат Досаев.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ