Алматыда 11 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында экология саласындағы мектеп пен студенттік стартаптарға арналған инкубациялық бағдарлама іске қосылады. 11 сәуірден бастап кез келген жоба бекітілген нысан бойынша өтініш бере алады. 18 сәуірге дейін қатысушыларға бағдарламаға қатысу жөнінде жауап беріледі.
Жоба аясында 50+ мың адам ақпаратпен қамтылады, инкубациялық бағдарламаға өз өтінімін берген жобалар саны шамамен 150+. Бағдарламаның өзінде материалдарды дайындау сапасына байланысты 30-дан 40-қа дейін жоба таңдалады. 23 сәуірде инкубациялық бағдарламадан іріктелген 3 жоба MEET-UP эко-директорлардың, https://eco-meetup.kz/ іс-шарасында бизнес-қоғамдастық алдында сөз сөйлейді.
Жобаның негізгі ұйымдастырушысы ECO Network компаниясы, жобаның серіктестері Astana Hub, MOST бизнес-инкубаторы және халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC).
Қосымша сұрақтар бойынша econetwork.green порталы арқылы немесе +7 771 76 55 999 (Евгений Мұхамеджанов) нөмір бойынша хабарласуға болады.