14/03/2025 23:52

Жаңа автобустар 2023 жылдың соңына дейін Алматының Түрксіб ауданында жеті бағытта іске қосылады

Алматының Түрксіб ауданында ағымдағы жылдың соңына дейін жеті бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылады, олар мына көліктер- №8, 13, 17, 38, 46, 47, 69, 130. Бұл жаңа автобустардың келуіне қарай жасалады, деп хабарлады аудан әкімі Бақытжан Ақбаров ӨКҚ брифингінде.

«Түрксіб ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Қайрат шағын ауданынан Райымбек метро станциясына дейін №9 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бағытта барлығы 8 автобус жүреді»,

– деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылы балаларды шалғайдағы шағын аудандардан тасымалдайтын «Мектеп автобусы» жобасы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында 7 мектеп автобусы жүреді, олар ауданның бес мектебінен – №20, 32, 162, 115 және 89 балаларды тасымалдайды.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ