15 сәуір күні, Әуезов ауданы комьюнити орталығының ұйымдастыруымен, «Қозы көрпеш – Баян сұлу» күніне орай «Біз екеуміз – бір әлем» атты ғашықтар байқауы өтеді.
Байқауда қатысушы жұптар 4 сайыс бойынша сыңға түседі.
I кезең: «Біздің әлем» – Әр жұп өздерінің махаббат хикаялары туралы еркін форматта таныстырады (4 минут);
II кезең: «Дефиле» – Халық эпосымен байланысты, сүйіспеншілік, ғашықтық пен сұлулыққа толы Баян сұлу мен Қозы Көрпештің сахналық бейнесін көрсетеді (2 минут);
III кезең: ART – «Махаббат – ғашықтар көзімен». Бұл байқауда жұптар бір уақытта, жұбымен бірігіп – махаббат көрінісінің бейнесін салады (шектеу жоқ), (15 минут);
IV кезең: «Ғашықтық сәті» – Байқауға қатысушы жұптар өз өнерлерін көрсетеді (ән, би, көрініс) (5 минут).
4 сайыстың қортындысы бойынша қатысушылардың арасынан ең үздік жеңімпаз жұп анықталып, арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталады. Сонымен қатар, іс-шара соңында талантты жастардың қатысуымен, концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ.
Өтетін күні: 15 сәуір 2024 жыл
Уақыты: 15:00.
Өтетін орны: «Family park» саябағының сахнасы.
Қосымша ақпарат үшін: 8 (747)347 39 31 – Айша.
«Family park» саябағының сахнасы👇🏻
https://2gis.kz/almaty/geo/70030076131277728