15/03/2025 19:59

Алматы қ. ТЖД-дан лай көшкіні туралы ақпарат

Медеу ауданындағы лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй, олардың бірі жартылай зақымданды. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккен үйде төрт адам болған, екеуі бала. Оқиға орнында “Қазсселденқорғау” ММ, Алматы қаласы “109 құтқару қызметі” Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары №47 орта мектепте эвакуацияланды. Тұрғындар өз еріктерімен туыстарының үйіне кетті.

Медициналық топ кезекшілікте, зардап шеккендерді іздеу жалғасуда.

Еске салайық, 8 ақпан сағат 02:20-де Медеу ауданы “Тау самалы” шағын ауданындағы Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрді.

Атап өтсек, лай – тереңдігі метрге дейінгі жұқа топырақ қабатының жолағы, ауырлық күшінің әсерінен еріген жаңбырмен немесе жер асты суларымен қаныққандықтан баурайдан төмен қарай лай тәріздес күйге ауысады.

Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенулеріңізді сұраймыз.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ