2024 жылдың 23 ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Алматы мектебі» жобасы аясында 9 сынып оқушыларына арналған «Жас маман 2024» мамандықтар жәрмеңкесі өтеді.
Биыл Алматы қаласы бойынша 27588 оқушы 9 сыныпты бітіреді. Мамандықты дұрыс таңдау түлектер мен ата-ана үшін өте маңызды.
Осыған орай жәрмеңкеде мектеп бітіруші түлектерге арналып техникалық және гуманитарлық салаға бағыттау бойынша мамандар насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
Іс-шараның мақсаты: 9-сынып түлектерін кәсіптік мүмкіндіктердің кең ауқымымен таныстыру және оларды еңбек нарығында сұранысқа ие салаларға қызығушылығын ынталандыру, мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал ету.
Бұл күні Алматы қаласының 30-ға жуық колледж өкілдері келіп елімізге қазіргі таңда қажеттілігі жоғары мамандық түрлерімен таныстырып, болашақ түлектерге семинар, шеберлік сағаттарын өткізеді.
Өтетін орны: Орынбор көшесі, 17, №64 мектеп
Күні мен уақыты: 2024 жыл 23 ақпан, сағат 10:00
Барлық сұрақтар бойынша 8 700 248 67 17 Сымбат Баймирзаева, Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы