15/03/2025 19:52

Алматының Медеу ауданында 2024 жылы 42,2 км тротуарлар мен 17 км арық желілері салынады

2024 жылы Алматының Медеу ауданындағы орташа жөндеу жұмыстарының көлемі екі есеге – 51,6 км-ге дейін ұлғаяды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.

Қала басшысы 60 мың шаршы метрден астам жол төсеміне шұңқырлы жөндеу жүргізіліп, 42,2 шақырым тротуарлар мен 17 шақырым арық желілері салынатынын атап өтті.

«Әкімдік жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы Медеу ауданында 21,8 км жолға орташа жөндеу жүргізілді, 56 мың шаршы метр жол төсемі ішінара қалпына келтірілді, 29 көшеде 24,5 км тротуар жасалды, 20 көшеде 6,6 км жаңа арық желілері салынды», – деді Ерболат Досаев.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ