15/03/2025 23:34

Алматының Медеу ауданында ағымдағы жөндеу аясында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды

Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігінде хабарлады. Жұмыс «Самал-3», «Думан-2» шағын аудандарында, сонымен қатар, Достық және Абай даңғылдарында жүргізілді.

Қала көркіне көрік қосу үшін магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбеті боялады. Бұған тарихи үйлер де кіреді.

Қасбетпен бірге, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 7 балалар алаңы абаттандырылып, тереңдетіле көмілген (жер асты) үлгідегі 22 қоқыс контейнері орнатылды.

2023 жылы Медеу ауданында барлығы 107 аула абаттандырылып, 56 тереңдетіле көмілген контейнер орнатылды. 2024 жылы 30-ға жуық үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ