18/03/2025 04:40

Алматының Жетісу ауданындағы 3 автобус бағытында жылжымалы құрам толығымен жаңартылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде баяндама жасап, аудандағы жол-көлік инфрақұрылымындағы дамудың оң динамикасын атап өтті.

Оның айтуынша, 2023 жылы тұрғындардың өтініші бойынша автобус маршруттарының бір бөлігі түзетіліп, ұзартылды, сондай – ақ қараша айында метроның “Райымбек батыр” станциясынан Алматы облысының Іле ауданындағы “Gate City” ТҮК-не дейін қатынайтын интервал аралығы 8 минуттық жаңа №89 қалалық бағыт іске қосылды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 12 маршрут жолаушылардың жайлылығы үшін қосымша жылжымалы бірліктермен – 51 автобуспен күшейтілді және 11 маршрутта 131 автобус толығымен жаңартылды.

“Биыл наурыз айының соңына дейін 3 маршрутта жайлылықты арттыру үшін 65 жаңа автобус есебінен жылжымалы құрамды толығымен жаңарту жоспарлануда”, – деп нақтылады сөзін Ерболат Досаев.

жаңалықтар