16/03/2025 14:48

Алматының Бостандық ауданында 7,5 км инженерлік желі қайта жаңартылады

Алматының Бостандық ауданында 2024 жылы жалпы ұзындығы 7,5 км инженерлік желілерді 7 млрд теңгеге қайта жаңарту жоспарланған. Оның ішінде 500 метр кәріз желілері, 5,3 км жылу желілері, 1,7 км орташа қысымды жер асты газ құбыры бар. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Қала басшысы 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Оның айтуынша, «Алмагүл, «Орбита» және «Қазақфильм» шағын ауданының тұрғындарын электрмен қамту үшін 200 мың тұрғынды қамти отырып, былтыр тамыз айында «Алмагүл» электр қосалқы станциясы іске қосылды.

Сонымен қатар, инвестициялық жоба аясында «АЖК» АҚ 6,7 км әуе электр желісіне, 38 км кабельді электр желісіне, 17 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пунктіне күрделі жөндеу жүргізілді. 59 км әуе электр желісі, 130 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пункті ағымдағы жөндеумен қамтылды.

«2024 жылы жергілікті бюджет есебінен Ремизовка және Ерменсай шағын ауданында 16 км электр желілерін қайта жаңарту жоспарланған. «АЖК» АҚ инвестициялық жобасы аясында 50 км электр қуатының, 13 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пунктін жаңғырту жоспарланып отыр. Қосымша 91 км әуе электр желісі мен 105 трансформатор подстанциясы ағымдағы жөндеуден өтеді», – деді қала басшысы.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ