16/03/2025 14:35

Алматыда «Медеу» бағытындағы автобустар жаңарды

Алматыда қоғамдық көлікті дамыту бойынша жұмыс аясында бағыттарда жылжымалы құрамды жаңарту жалғасып отыр.

6 наурыздан бастап №12 бағытта Теміржол вокзалы-2 – «Медеу» БТСК қатынайтын автобустар толығымен жаңарды. Бағыттарда жұмыс күндері 16 және демалыс күндері 20 жылжымалы бірлік жоспарлы түрде жолаушылар тасымалына шығады.

Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықтармен, соның ішінде кондиционерлеу, бейнебақылау жүйелерімен және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторларымен жабдықталған. Сонымен қатар, салон ағымдағы және келесі аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплеймен толықтырылған.

Бұл ретте босатылған автобустар басқа бағыттарды күшейтуге бағытталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарланған.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ