15/03/2025 23:36

Алматыда көше жарығы 2025 жылдың соңына дейін 100% қалпына келтіріледі

Алматының Медеу ауданында 40-тан астам көшеде сыртқы жарықтандыру желісі жаңартылады

2024 жылы Алматының Медеу ауданында 42 көше бойынша сыртқы жарықтандыру жаңғыртылады. 1 938 шам орнатылып, 59 км электр желілері салынады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтып, осы жылдың 4-тоқсанында жұмыстың аяқталатынын жеткізді. Оның сөзінше, 90 бау-бақша серіктестігінде сыртқы жарықтандыру желілерін салуға қосымша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2024 жылдың II-ші тоқсанында алу көзделіп отыр.

«Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі сыртқы көше жарығы. Күзде жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету бойынша өкілеттік аудан әкімдіктеріне берілді. Өткен жылдың қараша айында аудан әкімдігі «Алматы Қала Жарық» компаниясымен шарт жасасты. Соның нәтижесінде, 3 айда жөндеу бригадалары 515 өтінімді пысықтап, 150 бақша-саябақ шамдарын ауыстырды, 1050 энергия үнемдейтін LED-шамдар орнатылды, 5 қоғамдық кеңістік аумақтарында жарықтандыру қалпына келтірілді. Бұл 28 панфиловшылар саябағы, Кіші Алматы өзенінің жағалауы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматыда көше жарығы осы жылы 85%-ға, 2025 жылдың соңына дейін 100%-ға қалпына келтіріледі», – деді Ерболат Досаев.

Қала басшысының айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 57 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды, оған 290 камера кіреді. Ал биыл 30 «Сергек» кешенін орнату және 750 жаңа бейнемониторинг жүйесінің камераларын орнату жоспарланған.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ