|
||||||
|
Алматы қаласында азаматтық қоғамның дамуы туралы ақпарат: Елбасы өкімет пен ҮЕҰ арасында ұзақмерзімге серіктес болудың жүйесін құруға қадам жасады. ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң қабылданды, ол ҮЕҰ қызметін қаржыландыру көзін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2006-2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамның даму тұжырымдамасы қабылданды, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» жаңа заң дайындалу үстінде. Бүгінгі таңда Қазақстанда 25 мыңнан аса коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) тіркелді, оның 11 мыңы Алматы қаласына тиесілі. Мемлекеттік статистиканың мәліметі бойынша ҮЕҰ көп тіркелген жері Алматы қаласы болып табылады. Алматы ҮЕҰ көтеру мен даму жағынан алдыңғы орындардың қатарында келеді. Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдардың бірлестіктері бар:
Алматының үкіметтік емес ұйымдарының көтеріп жүрген проблемаларына тоқталар болсақ, оған мыналарды жатқызуға болады: 1. ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобалары бойынша ашық байқауы шеңберінде ұсынылатын гранттар мөлшерін арттыру; 2. Үлескерлер мәселесі; 3. Қорғалмаған тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру; 4. Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету; 5. Құқық қорғау органдарындағы жемқорлық; 6. Негізгі азық-түлік пен коммуналды қызметтер бағасының көтерілуі; 7. Ипотекалық несиелеу пайызының азаюы; 8. Адамдар құқының бұзылуы; 9. Медициналық қызмет көрсетудің қанағаттанғысыз жағдайы; 10. Мемлекеттік тілді дамыту; 11. Қаланың ауа атмосферасының ластануы; 12. Қылмыс; 13. Жеңілдікпен ҮЕҰ үшін отыратын жер беру. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде коммерциялық емес сектордың дамуы үшін жан-жақты жағдай жасалды. Айтар болсақ:
ТМД барлық мемлекеттерінде жұмыс істейтін коммерциялық емес құқықтар Халықаралық орталығының қорытындысында Қазақстанның КЕҰ үшін салық заңнамасы мәселесі әлемдегі үздіктердің бірінен саналады деп айтылған. Солай бола тұрса да КЕҰ қатысты Қазақстанның заңнамасы әлі де жақсартуды қажет етеді. Елбасы Н.Назарбаевтың 2005 жылы Азаматтық форумдағы тапсырмасын орындауда 2011 жылға қарай ҮЕҰ қаржыландыру көлемін бір миллиард теңгеге дейін көбейту және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңды жасау ҮЕҰ үшін жобаларды мақсатты мемлекеттік қаржыландырудың бастамасы болды. 2006 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты білім және ғылым, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрліктері, еңбек және әлеуметтік қорғау, әділет министрліктері орналастырып жүр. Құрылымдық бөлімшелерге қатысты оны айтуға болмайды. Алматы қаласында 2010 жылы мемәлеутапсырысты Ішкі саясат басқармасы (80 млн.теңге – жергілікті бюджет, 2009ж. – 75.0 млн.теңге) және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (112.0 млн.теңге – республикалық трансферт) жариялады. 2009 жылы ҮЕҰ секторына жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша мемлекет пен ҮЕҰ қарым-қатынасын арттыруға кедергі болатын негізгі себептері анықталды. Сонымен, мемқұрылымның басқару инерциясы мен ҮЕҰ қызметін бақылауда ұстау - 36,2%; кешігу, ҮЕҰ бойынша заңнаманың теңгерімсіздігі - 26,2%; кейбір ҮЕҰ иек артушылық мінезі - 11,8%; кейбір ҮЕҰ мен олардың басшыларының жалпы мемлекеттік мүдделерді сақтау маңыздылығын түсінбеушілігі - 12,9%. ҮЕҰ дамуына кедергі болатын себептер: волонтерлік дәстүрдің дамымауы; білікті мамандардың жетіспеушілігі; ҮЕҰ рөлі мен мүмкіндігін қоғамда және меморгандарда түсінбеуі және басқасы. Сұрау жүргізілген барлық топтар ҮЕҰ қызметінің тиімділігін түсіретін басты проблема қоғамның олардың жұмыстары туралы ақпараттың өте төмен дәрежеде екенін көрсетті. Әсіресе ол бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты, олар өз дәрежесінде қажетті ақпаратты толық көлемде жарияламайды. ҮЕҰ зерттеу әдістерін негізінен өз жұмыстарына баға беру үшін емес, жоба бойынша операциялық жұмыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланады. Биылғы Жолдау шеңберінде қолданыстағы жобалар бағасы механизмін іске қосу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған әлеуметтік маңызды жобалар жәрмеңкесін өткізу мемлекеттік органдардың ҮЕҰ бірге қоғамдық жұмысын көрсетуге бағытталды, атап айтсақ, әлеуметтік тиімділік және жүзеге асырылған жобалардың мультипликативтілігі, оларды жалпыға талқыға салу. ҮЕҰ мен бизнестің ара-қатынасына қатысты алда тұрған проблеманы ҮЕҰ өкілдері бизнесте қайырымдылық үшін салықтық жеңілдіктердің жетіспеушілігі мен кәсіпкерлерде қайырымдылық мәдениетінің жоқтығын алға тартты. Қорытындылай келе, азаматтық қоғамның даму тұжырымдамасының бірінші кезеңі шеңберінде белгіленген міндеттерге қол жеткенін айта кету керек. Бұл ретте көп бөлігі ҮЕҰ тікелей қатысуының арқасында шешімін тауып отыр. Азаматтық форум, Қоғамдық палата, орталық және жергілікті органдар жанында өзара қатынас кеңесі, парламент және «Нұр Отан» партиясы сияқты кері байланыс каналдары болып табылатын өзара қарым-қатынас алаңдарының механизмі құрылды. Алматы қаласының ҮЕҰ-мен сапалы жұмысты қамтамасыз ету үшін төмендегі міндеттер талап етіледі: - коммерциялық емес ұйымдар (гранттармен) арқылы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсетуде өкіметтің құқық беру жүйесін жасау мен жетілдіру; - орталық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік маңызды проблемалар қоғамдық сараптама жүйесін одан әрі жетілдіру; - атқарушы өкіметпен қарым-қатынастың жаңа межесіне шығуды қамтамасыз ететін, перманенттік негізінде азаматтық секторды дамытудың институционалды үрдісі; - өкімет пен электорат арасындағы буын ретінде, азаматтық қоғамның толық құқылы институты болып табылатын қоғамдық өзін-өзі басқару комитетімен қарым-қатынасты реттеу; - ұлттық есептер жүйесінде ҮЕҰ қызметін есепке алу арқылы ІВӨ –де ҮЕҰ экономикалық салым есебінің нормативті-құқықтық базасын құру, сәйкес басқармалар арқылы жұмыс барысына қарай ҮЕҰ қаржыландыру. Келешегі Алматы қаласы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасаудың алдағы жоспарына енгізілді. |

