^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 тамыз 2017
 
     
 
Әлеуметтік сала / Халықты жұмыспен қамту
Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер

 Осы жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы №919 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы басталды.

Бағдарлама еңбек нарығының тиімділігін арттыруды қалыптастыруда кәсіптік бағдарлану және мамандану, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, еңбек қатынастарының әсерлі үлгісін құру, сонымен қоса, халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауға бағдарланған.

Осы мақсаттарға жету жолында Алматы қаласында келесі бағыттар жүзеге асуда:

  • Бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіби білім беру

және қысқа мерзімді кәсіби оқыту;

  • жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
  • х алықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының

ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту .

Бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіби білім беру және қысқа мерзімді кәсіби оқытуды қамтамасыз ету үшін, мамандықтар тізбесіне сай, техникалық және кәсіби оқыту арқылы кадрларды даярлауды және оқытудың екі деңгейлі моделі модульдік бағдарламасына сай 2500 қатысушыны оқыту қарастырылған. Бір айдан алты айға дейін жалғасатын қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 500 адам қатыса алады.

Бизнес-жобаларды жүзеге асырып немесе жоспарлап отырған Бағдарлама қатысушылары Бағдарламаның екінші бағытына сай 8 мың АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейін кішігірім кредит алуға мүмкіндігі бар.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» Бағдарламаның үшінші бағытына сай келесідей мемлекеттік қолдау қарастырылған: лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау.

Бағдарламада қойылған мақсаттарға жету үшін «Еңбек биржасы» деп аталатын еңбек нарығында бірыңғай ақпараттық база құру тапсырманы орындауға септігін тигізеді. Елбасымыз өзінің жолдауында « Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек», - деп атап өтті және осыған байланысты үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғырту деп Жолдауда көрсетілгендей enbek.kz веб порталында барлық бос жұмыс орындары жайлы ақпарат бар бірыңғай онлайн-платформа құру қаралған.

Порталда жұмыс іздеушілер жайлы ақпарат, бос жұмыс орындары, сонымен қатар, жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктерінің жариялаған мәліметтері, ЖОО және колледждер түлектері жайлы мәліметтерді аталған базадан шығару, жұмыс іздеушілердің және жұмыс берушілердің өздері қалдырған мәліметтері шоғырланған. Осыған сай, халық үшін порталда бос жұмыс орындарын көруге, түйіндеме қалдыруға, бос жұмыс орнына орналасуға жолдама алуға, кәсіби оқуға сұраным беруге мүмкіндіктер бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына орай, жұмыспен қамтуға байланысты салада мемлекеттік қызметтерге жоғары қол жеткізу мақсатында Алматы қаласында жұмыспен қамту орталығын реформалау жүзеге асуда.

Осыған орай, тоғыз ХҚКО-да жұмыспен қамту орталығының мамандары халықты қабылдауда.

Алдымызда осыған ұқсас халықты қабылдау сауда орталықтарында, екінші деңгейлі банктің бөлімшелерінде, Қазпошта бөлімшелерінде, вокзалдарда, емханаларда, мемлекеттік кірістер басқармасында ашылады.



Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер электонды форматта

Мемлекеттік қызметтер жүйесінің дамуы – басымдылықтың бір бағыты Қазақстанды дамыту. Халықты жұмыспен қамту орталығы – бұл оны жүзеге асыру үшін нәтижелі механизм, мемлекет басшысының өзінің Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей. Бірінші басымдылықта көрсетілген – сандық индустрияны дамыту және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қалыптасуы.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс, Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек» - мемлекет басшысы атап өтті.

Бұл және Жолдаудың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыруы қажет ( веб-портал «Работа»   www.enbek.kz ). Портал бос жұмыс орындарын (бос қызметтер), ізденіші туралы ақпаратты нығайтады, сонымен қатар жеке жұмыспен қамту агенттіктермен мәлеметтер орналастыру, колледж және ЖОО түлектерінің база деректерінен түсіру, және мәлеметтер, жұмыс берушілермен және ізденушілермен өздері порталға орналастыру. Осыған орай, халық үшін порталдың жұмыс істеуі бос жұмыс орындарының (бос қызметтер) базасына мүмкіндік алады, түйімдеме тарату, жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындарына жолдама беру қызметтерін алу, кәсіби оқытуға өтінім беру.

Расында, заманауи технологиялар асқан жылдамдықпен дамып келеді және әлемдік стандарттардан қалып қала алмаймыз. Жаңа техниканы енгізу және заманауи бағдарламалық кешені, элетронды форматқа мемлекеттік қызметті аудару –Жұмыспен қамту орталықтарына ілгері әлемдік ұқсастыққа қатар жүру үшін ерікбереді. Біз, өз кезегімізде, біздің Орталықты заманауи және жағартпалы ету үшін бар күшімізді салуға жоспарлап отырмыз


 






 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13