^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 27 маусым 2017
 
     
 
Қоғам / Алматы қаласы әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулерінде қойылған сұрақтар

Алматы қаласы әкімдерінің 2017 жылғы халық алдында есеп беру кездесулерінде қойылған сұрақтар туралы мәліметтер

Барлығы 45 есеп беру кездесулері өтті, оның ішінде Алматы қаласы әкімінің өткізген есепті кездесуі - 1, Алматы қаласы аудандарының әкімдері өткізген кездесулер- 44. Есепті кездесулерге барлығы 16851 адам қатысты.

Онлайн трансляция - 5 (Facebook (3), Periscope, («Алматы» телеарнасы).

БАҚ беттерінде жарияланған материалдар саны - 423 (ТВ,интернет ресурс тар, басылымдар ).

Есепті кездесулер барысында 1172 сұрақтар қойылды, оның 433 -не әкімдер кездесулер барысында тікелей түсініктер берді.

Жалпы, сұрақтардың басым көпшілігі - 269 ( немесе 23%) аумақтарды абаттандыруды, санитарлық тазалықты, аула ішін жөндеу мен көгалдандыруды, қоқысты шығару және басқа мәселелерді ; 144 (12%) – жолаушы көлігінің жұмысын,бағыттардың өзгеруін, жылжымалы составтың жаңаруын, қызмет сапасын ; 127 (11%) - газ бен , электр мен, сумен қамтамасыз етуді, к әрізді; 100 (9%) – автомобиль жолдарының жөнделуін ; 83 (7%) – ПИК қызметін, коммуналық төлем, тұрғын үй қорын ұстау, ПИК басшылары ауыстыру мәселелерін қамтыды.

Алматықаласы әкімінің есепті кездесуі барысында 25 сұрақ қойылды, оның 9-на қала басшысы бірден кездесу барысында жауап берді.

Азаматтардың қағазға жазып берген 175 сұрақтары белгіленген тәртіп бойынша қарауға жіберілді, оларға жауап беріледі.

Қала әкімінің есепті кездесуі барысында call - орталыққа 74 адам жүгініп, 100 сұрақ қойды, 23 сұрақ – қоғамдық көлік жұмысы, 20 – автомобиль жолдары, 13 – абаттандыру және санитарлық тазалық, 9 – ПИК жұмыстары, 7 – ескі үйлерлді сүру, 5- газ бен, электр мен, сумен қамтамасыз ету, к әріз, 4 – әлеуметтік жағынан қорғалу, 4 – қаланың құқық тәртібі, 3 сұрақтан – денсаулық сақтау, жерді пайдалану, 2 сұрақтан тұрғын үй мен ауылшаруашылығы, 1 сұрақтан денешынықтыру мен спорт, білім, қызмет көрсету, табиғатты пайдалану, сәулет-құрылыс бақылау туралы қойылды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13