^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 тамыз 2017
 
     
 
Жер заңды негізде

Құрметті сайт оқырманы !

Біздің сайтта « Жер заң бойынша » атты жаңа айдар ашылды. Оған Сіздер мемлекеттік жер қорынан жерді өз беттерінше заңсыз басып алғандар туралы ақпараттарды жібере аласыздар. Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық прокуратура бірігіп «Жер заң бойынша – жерді жаппай басып алуға жол жоқ» атты жерді заңсыз басып алуға қарсы жобаны жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 тармағының 10 бабына сәйкес жер учаскесінің шекарасы белгіленіп, құқықтық құжаттар берілмейінше, жер учаскесін пайдалануға болмайды. Бұл норма бұзылған жағдайда жерді өз бетінше басып алушы ретінде саналып, әкімшілік жауапқа тартылады және ол жерге салынған нысан сүріледі.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жер қатынастары құқығына қатысты айлакерлік фактілерінен сақтандырады: (ескертпе)

Осыған орай, Сіздерден Алматы қаласы аумағында жерді өз бетінше басып алу фактілерін білетін болсаңыздар   almaty_sait@mail.ru электронды поштасына , Бас прокуратураның Call-орталығының қысқа 115 нөміріне ( телефон шалу тегін) , қалалық прокуратураның 265-02-87 нөмірлі телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.  

ЕСКЕРТПЕ_.pdf


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13