^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 28 сәуір 2017
 
     
 
Қала шаруашылығы / Электр энергиясы

Алматыда тәуелсіздік жылдарының ең көлемді әрі қуатты энергия айналымының құрылысы аяқталды.

2013 жылдың 13 желтоқсанында «Бесағаш» қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Осылайша, Алматыда мегаполис айналасында қуаты 220 кВ болатын энергетикалық айналым құрылысы іске қосылды. Соңғы бес жыл ішінде қалада 29 қосалқы станция салынды. Мұнда жыл сайын 300 км желі салынып келді, 15 км. жаңа электржелісі іске қосылды.

Қала басшысы жаңа «айналымның» Алматы мен оның айналасын экономикалық жағынан дамытуға кең серпін беретіндігін жеткізді.

«Осы жобаның жүзеге асуы арқасында қалада энергетикалық сақина жасалды, қаланы 20-25 жыл энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге кең жол ашылды. Бұл Алматының солтүстік шығысы мен Алматы облысының жақын аудандарында жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіенбік береді. Егер бұрын біз жаңа өндіріс ашу үшін электр қуатын жеткізе алмасақ, енді бұл мәселе толық шешілді», - деді Ахметжан Есімов.

ПС 220/110/10-10 кВ «Бесағаштың» толық қуаты 500 МВА, Алматыға жақын жердегі Талғар ауданындағы Бесағаш, поселкесінде орналасқан.

Мұндағы ПС 220/110/10-10 кВ «Бесагаш» электротехникалық жабдық шетелдік және отандық технологиялар бойынша жасалған. ПС 220/110/10-10 кВ «Бесағашты» Алматыға қосу ВЛ-220 кВ ПС «Бесағаш» - ПС «Алма», ПС «Бесағаш» - ПС «Робот» арқылы жүргізілген.

Екі цепті кабельді ПС «Бесағаш» - ПС «Ерменсаймен» қосу 220 кВ. кабелімен тартылған. ЛЭП 220 кВ ПС «Бесағаш» - АТЭЦ-3 –тің ұзындығы 54,3 км, ПС «Бесағаш» - 1,464 км.

Алматы маңында 220 кВ энергетикалық сақинаны жасау ЛЭП 220 кВ ПС «Бесағаш» - ПС «Ерменсай» арқылы жүзеге асты. Оның көлемі 27,14 км, таулы аймағы 8,5 км.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13